ӘЧ-2025: Қазақстан құрамасының ойынын қайдан көруге болады?
Ұлттық құрама Германияға қарсы ойнайды. Бұл кездесуде плей-офф тағдыры шешілуі мүмкін.
11 мамыр күні Қазақстан құрамасы Хоккейден 2025 жылғы әлем чемпионаты аясында Германиямен кездеседі. Бұл ойын B тобының екінші туры аясында өтеді.
Матч уақыты мен өтетін орны
-
Күні: 11 мамыр, жексенбі
-
Басталуы: 19:20 (Астана уақыты бойынша)
-
Өтетін орны: «Йюске Банк Боксен» аренасы, Хернинг (Дания)
Қайдан көруге болады?
Қазақстан мен Германия арасындағы кездесуді тікелей эфирде келесі арналар көрсетеді:
-
QazSport
-
Матч ТВ (Match TV)
Құрамалардың алғашқы ойындары
Екі құрама да топтық кезеңді сенімді бастады. Германия құрамасы Венгрияны 6:1 есебімен ойсырата жеңсе, Қазақстан құрамасы Норвегиядан 2:1 есебімен басым түсіп, маңызды үш ұпай еншіледі
Турнир форматы мен маңызы
Хоккейден 2025 жылғы әлем чемпионатында 16 құрама екі топқа бөлініп ойнап жатыр. Әр топта:
-
Үздік 4 команда — ширек финалға жолдама алады
-
Соңғы орын алған команда — элиталық дивизионмен қоштасады
Сондықтан Германияға қарсы ойын Қазақстан құрамасы үшін шешуші сын болмақ. Бұл матч плей-оффқа шығу жолындағы басты бәсекелестердің біріне қарсы өтеді.