АҚШ құрамасы Қазақстанды тас-талқан етті (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
18.05.2025, 21:57

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алтыншы ойынында АҚШ-қарсы ауыр жеңіліске ұшырады. Турнирдің басты фавориттерінің бірі саналатын америкалықтар 6:1 есебімен жеңіске жетті. 

NUR.KZ

Әлем чемпионатындағы кезекті жеңіліс

Ойынның алғашқы жиырма минуты нәтижелі соққысыз аяқталды. Қазақстан қорғаныста сауатты әрекет етіп, АҚШ шабуылдарын сәтті тойтарып отырды. Бірақ үзілістен кейін жағдай күрт өзгерді.

27-минутта Фрэнк Назар есеп ашса, 32-де Джексон Лакомб есепті еселеді. Бұдан кейінгі бес минутта Тейдж Томпсон, Мэттью Бенирс және Майкл Кессельринг бірінен соң бірі шайба соғып, Қазақстанның қорғанысын қопарып өтті.

Үшінші кезең және жалғыз үміт

46-минутта Зак Веренски АҚШ құрамасының алтыншы шайбасын енгізді. Қазақстан сапынан 60-минутта Владимир Волков мергендік танытты. 

Турнир кестесі: құлдырау жалғасып жатыр

Бұл Қазақстан үшін қатарынан бесінші жеңіліс. Қазір құрамамыз В тобының турнирлік кестесінде үш ұпаймен жетінші орында тұр. Келесі шешуші ойын Швейцарияға қарсы өтеді. Кездесу сейсенбі, сағат 15:20-да басталады.