Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Роман Старченконың “Барыстағы” жалақысы белгілі болды

Сарапшы, спорт журналисі
12.08.2025, 21:17

Қазақстандық хоккей аңызы Роман Старченконың жаңа бір жылдық келісімшарт бойынша "Барыс" клубындағы жалақысы жарияланды. 

hcbarys.kz
Реклама
Реклама

Жаңа маусымдағы табысы

Журналист Артур Хайруллиннің мәліметінше, 39 жастағы шабуылшының жалақысы 109 миллион теңге (шамамен 16 миллион рубль) болады. Өткен маусымда бұл көрсеткіш 143 миллион теңге (21 миллион рубль) болған.

ҚХЛ-дағы рекордшы

Старченко – Құрлықтық хоккей лигасының тарихында бір клуб сапында ең көп ойын өткізген рекордшы (810 матч). Сондай-ақ ол лига тарихында 800 ойын межесін бағындырған оныншы ойыншы. Алдағы 2025/26 маусымы Роман үшін "Барыс" құрамындағы 17-маусым болмақ.

Статистика және жетістіктері

Старченко өткен тұрақты чемпионатта 27 ойында 12 (4+8) ұпай жинады. Ол – клуб тарихында екінші мерген (211 гол). Барлығы КХЛ-де 862 матч өткізіп, 423 (215+208) ұпай еншілеген.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары