Жаңа ҚХЛ маусымы қарсаңында астаналық "Барыс" легионерлерді жаппай қатарға қоса бастады. Бірақ шілде айынан бастап Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен шетелдік спортшыларға жалақы төлеуге тыйым салынғаны белгілі. Ендеше хоккейшілердің жалақысы қалай өтелмек?
2025 жылдың шілдесінен бастап Қазақстан заңнамасына сәйкес, шетелдік спортшыларға мемлекет қаржысы жұмсалмайды. Бұл туралы tengrisport жазады. Соған қарамастан “Барыс” бірқатар атақты ойыншыларды қатарға қосты:
“Спорт-Экспресс” дерегінше, жаңа легионерлердің жалақы қоры 162 млн рубль (шамамен 1 млрд теңге).
Tengri Sport сауалына берген жауабында клуб басшылығы былай деді:
“Қазақстан заңнамасындағы өзгерістерді ескере отырып, “Барыс” легионерлерін қаржыландыру тек спонсорлық және коммерциялық қаражат есебінен жүзеге асады”.
Алайда нақты қай компания қанша үлес қосатыны айтылмады.
Қазіргі ресми серіктестер тізімінде:
Жеке компаниялардың үлесі әзірге құпия сақталуда.
Клуб баспасөз қызметі легионерлердің қайта оралуы жоғары мақсат қойылғанын мәлімдеді:
“ҚХЛ маусымындағы басты міндет – плей-офф кезеңіне шығу”, – деді клуб өкілдері.
Айта кетейік, “Барыс”соңғы үш маусым қатарынан Гагарин кубогының плей-оффына шықпаған. Өткен маусымда команда бар болғаны 68 кездесудің 14-інде жеңіп, соңғы орынға табан тіреген еді.
2024 жылдың қазанында клубтың жаңа директоры болып Нұрлан Оразбаев тағайындалды. Ол “Барыс” тек қазақстандық хоккейшілермен ойнайды деп шешіп, легионерлермен келісімшартты бұзу үшін қомақты өтемақы төлеген.
Алайда маусым аяқталған соң, 2025 жылдың сәуірінде Оразбаев қызметінен кетті. Команданы басқару құқығы Қазақстан хоккей федерациясының басшысы Сәкен Мұсайбековке өтті.