Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Хоккейден жастар арасындағы ӘЧ: Қазақстан-Франция матчында 20 шайба салынды

Сарапшы, спорт журналисі
11.12.2025, 12:52

Естеріңізге салсақ, осы ойынға дейін еліміздің қоржынында бір жеңіс пен бір сәтсіздік болған еді.

ҚХФ
Реклама
Реклама

Словенияда өтіп жатқан хоккейден 2026 жылғы әлем чемпионатының IA дивизионында Қазақстанның жастар құрамасы үшінші матчын өткізді.

Антон Васин Францияға қарсы келесі құрамды ұсынды: Қуат (Ряшин) — Зияш-Шипилин, Саркенов Ас.-Үмеренков-Корнеев; Бритиков-Түсүпбеков, Әлібек-Черкасов-Саркенов Ал.; Макаров-Имашев, Миндубаев-Божко-Симонов; Шевченко-Ибрагим, Қажібеков-Перкин-Двуреченский.

Бірінші кезең француздардың пайдасына шешілді. Олардың құрамында Антонин Файн (6-минут) мен Натан Риу (8-минут) көзге түсті. Бұдан кейін Виталий Божко (17-минут) есепті қысқартты. Ойынның екінші бөлігінде Мстислав Шипилин (25-минут), Божко (25-минут) және Тимофей Симонов (36-минут) фаворитті алға сүйреді. Полен Остен (37-минут) аутсайдерге үміт сыйлағанымен, Корней Корнеев (40-минут) айырманы қайта қалпына келтірді. Соңғы жиырма минуттық кезең Семен Черкасовтың (41 және 58-минуттар), Асанәлі Саркеновтың (45, 48, 52 және 56-минуттар), Александр Монархтың (45-минут), Абзал Әлібектің (45-минут), Уго Каляның (47 және 53-минуттар), Алишер Саркеновтың (52-минут) және Корнеевтың (52-минут) шайбаларымен есте қалды — 14:6.

Осылайша, Қазақстанның еншісінде алты ұпай болды және команда турнир кестесінде екінші орында тұр. Ал элиталық дивизионға тек жеңімпаз ғана жолдама алады. Бүгін сағат 20:00-де командаға сегіз ұпай жинап тұрған көшбасшы Норвегия қарсы тұрады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары