Реклама
Реклама

Қазақстан хоккейінің аңызы ҚХЛ клубын жаттықтырады

Сарапшы, спорт журналисі
15.12.2025, 12:25

Қазақстан хоккей мектебінің түлегі, тәжірибелі маман Евгений Корешков жақын уақытта Челябі қаласының «Трактор» клубына бас бапкер болып тағайындалады.

matchtv.ru

Бапкерлер ауыс-түйісі: Рише кетті, жауапкершілік Корешковқа өтпек

55 жастағы Корешков қарашаның соңында челябіліктердің бапкерлер штабына қосылып, Рафаэль Ришенің көмекшісі болған. Рише команда тізгінін Бенуа Гру кеткеннен кейін уақытша ұстаған еді. Ал канадалық маман 8 желтоқсанда клубтан кеткені хабарланды.

«Трактор» ҚХЛ-дің Шығыс конференциясында дәл қазір 6-орында тұр: команда қоржынында 36 матчтан кейін 35 ұпай бар. Сондай-ақ челябілік ұжым лигада соңғы төрт ойынында жеңіліп қалды. 

Корешковтың тәжірибесі: «Барыс» та бар, Гагарин кубогы да бар

Дереккөздерге сүйенсек, Евгений Корешков әр жылдары «Металлург», «Барыс», ЦСКА және СКА жүйесінде жұмыс істеген. Бұдан бөлек, ЦСКА-мен бірге Гагарин кубогын екі рет иеленген.

Реклама
Реклама