Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қарағандылық титулды хоккей клубы жеке қолға өтеді

Сарапшы, спорт журналисі
15.12.2025, 22:31

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев хоккейден Қазақстанның ең танымал клубтарының бірі – «Сарыарқа» командасын жеке инвесторға беру жоспары барын мәлімдеді.

olympic.kz
Реклама
Реклама

«Сарыарқаға» бөлек инвестор келеді

Жуырда «Шахтёр» ФК жаңа иесі ретінде кәсіпкер Тимур Турлов аталған еді. Алайда әкімнің сөзінше, «Сарыарқа» басқа инвестордың басқаруына өтеді.

“Дайындық жұмыстарын бастап кеттік. Қазір алдын ала айтып, асығыс кетпейін, бірақ «Сарыарқа» хоккей клубы да жекешелендірілетіні жөнінде нақты түсінік бар. Ол жаққа басқа инвестор кіреді. Бұл жұмысты бастап қойдық”, — деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Қазір «Сарыарқа» Қазақстан чемпионатында өнер көрсетіп жүр және турнир кестесінде екінші орынға жайғасқан.

Клуб тарихы: ЖХЛ-дегі үлкен жетістіктер

«Сарыарқа» бұған дейін Ресейдің ЖХЛ лигасында ойнап, бірқатар ірі табысқа жеткен. Атап айтқанда, ЖХЛ чемпионы атанып, сондай-ақ Братина және Петров кубоктарын иеленген.

Клубты жекеменшікке беру бастамасы қаржыландыруды тұрақтандыру, инфрақұрылымды күшейту және команданың бәсекеге қабілетін арттыру мақсатында қолға алынуы ықтимал. Дегенмен жаңа инвестордың кім болатыны және жоба талаптары кейінірек нақтыланады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары