Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Барыс» ҚХЛ-де сенсация жасады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
16.12.2025, 21:28

Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының 2025/2026 маусымында Екатеринбургтің «Автомобилист» командасын 4:1 есебімен ұтып, күтпеген нәтиже тіркеді.

hcbarys.kz
Реклама
Реклама

Ойынға дейін қазақстандық ұжым Шығыс конференциясында 9-орында, ал «Автомобилист» 4-сатыда тұрған еді. Соған қарамастан, қонақтар есепті өз пайдасына шешіп, маңызды ұпайлар иемденді. 

Бірінші кезеңде қос команда сақ ойнап, есеп ашылған жоқ.

Екінші жиырма минутта «Барыс» қарқынын күшейтіп, қарсылас қақпасын екі мәрте дәл көздеді. Семен Симонов есеп ашты, артынша Майкл Веккьоне айырманы ұлғайтты.

Үшінші кезеңде «Автомобилист» басымдықта бір шайба соққанымен, елордалықтар ойын тізгінін бермеді. Симонов дубль рәсімдеп, соңғы нүктені Макс Уиллман бос қақпаға бағытталған голмен қойды. 

«Барыс» келесі кездесуін 18 желтоқсанда сырт алаңда Мәскеудің «Динамо» командасына қарсы өткізеді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары