"Барыс" "Анахайм" жүйесінде ойнаған нәтижелі шабуылшыны қатарға қосты

Жекпе-жек шолушысы
22.07.2026, 20:36

Астаналық "Барыс" хоккей клубы америкалық шабуылшы Джастин Бэйлимен келісімшартқа отырғанын ресми жариялады.

hcbarys.kz

Өткен маусымда үздік сұрмерген атанды

Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, ойыншымен жасалған біржақты келісім 2027 жылдың 31 мамырына дейін күшінде болады.

Джастин Бэйли бұған дейінгі бүкіл мансабын Солтүстік Америкада өткізген. Өткен маусымда “Анахайм Дакс” клубының фарм-командасы саналатын “Сан-Диего Галлз” сапында өнер көрсетті.

Америкалық хоккейші тұрақты чемпионатта 71 матч өткізіп, 25 шайба соқты және 17 нәтижелі пас берді. Осы көрсеткішінің арқасында командасының үздік сұрмергені атанды.

Жалпы Бэйли Америкалық хоккей лигасында 500-ден астам кездесу өткізіп, 182 гол мен 140 нәтижелі пас жинаған.

Джастин Бэйли туралы мәлімет

Туған күні: 1 шілде 1995 жыл
Позициясы: шабуылшы
Бойы: 193 сантиметр
Салмағы: 97 келі
Таяқ ұстауы: оң қол

“Барыс” жаңа маусымға қалай дайындалады?

Астаналық клубтың маусым алдындағы дайындығы екі кезеңге бөлінеді. Алғашқы оқу-жаттығу жиынынан кейін команда 17–20 тамыз аралығында өтетін Башқұртстан Республикасы кубогына қатысады.

Одан кейін Михаил Кравецтің шәкірттері 27–30 тамыз күндері Николай Пучков атындағы турнирде бақ сынайды. Екінші жиын аяқталған соң Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатына кіріседі.

“Барыс” ҚХЛ-дегі жаңа маусымның алғашқы үш матчын Астанада өткізеді:

  • 7 қыркүйек – “Сібір”;
  • 9 қыркүйек – “Салават Юлаев”;
  • 12 қыркүйек – “Амур”.
Реклама
Реклама