«Барыс» тағы да жеңілді

Редактор Penalty.kz
24.09.2024, 23:07

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы аясында мәскеулік «Динамомен» ойнаған еді.

ru.sputnik.kz

Бұл Дэвид Немировскидің отставкасынан кейінгі алғашқы кездесу болды. 

Евгений Королев мәскеулік командаға қарсы мынадай құрам шығарды: Маттссон (Бояркин) — Бутчер-Камалов, Де Лео-Маклауд-Бурдасов; Гайтамиров-Данияр, Старченко-Өмірбеков-Савицкий; Бекетаев-Королёв, Смит-Кодола-Эллисон; Жүсіпбеков-Оразов, Мұхаметов-Апальков-Панюков.

Ойынның алғашқы кезеңі “Динамоның” пайдасына шешілді. Екінші кезеңде қонақтар есеп айырмасын ұлғайтты. Бірақ көп ұзамай Алихан Өмірбеков гол соқты. Соңғы жиырма минуттықта мәскеуліктер тағы бір шайба салып, қорытынды есеаті 3:1-ге жеткізді.

Айта кетейік, енді «Барыс» командасы «Сочи» ХК қабылдайды.