Әлия Юсупованың ізбасары тағайындалды

Редактор Penalty.kz
08.04.2025, 11:41

Лола Әділбекова көркем гимнастикадан ұлттық құраманың жаңа бас бапкері атанды. 

olympic.kz

Лола Әділбекова — халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионаттарының қатысушысы және 2002 жылғы Азия ойындарының командалық есептегі күміс жүлдегері. Ол гимнастикада жоғары нәтиже көрсетіп қана қоймай, жаттықтырушылықта да кәсіби жолын жалғастырған.

Бапкерлік қызметін 2010 жылы Шымкентте бастаған. Соңғы жылдары осы қаладағы аға жаттықтырушы лауазымын атқарып келді. 2018 жылы оған “Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы” атағы берілді. 

Лола Әділбекова осы лауазымда Әлия Юсупованы алмастырды. Бұрынғы бас бапкер өз еркімен қызметінен кетіп, гимнастика федерациясының президенті ретіндегі жұмысына толық назар аударуды жөн көрген.