"Астана" командасының велошабандозы "Хайнань турында" жеңіске жетті

Редактор Penalty.kz
07.04.2025, 21:35

Қытайда дәстүрлі түрде өтетін "Хайнань туры" көпкүндік веложарысы басталды.

Instagram/@cyclisme_actualites

Халықаралық додаға әлемнің әр түкпірінен түрлі командалар қатысып жатыр. Олардың қатарында — қазақстандық "Астана" велокомандасы да бар.

Жарыстың алғашқы кезеңі 90 шақырымнан асатын қашықтықты қамтыды. Аталған кезеңде "Астана" командасының италиялық шабандозы Маттео Малучелли тамаша нәтиже көрсетіп, мәре сызығын бірінші болып кесіп өтті.

  1. Маттео Малучелли ("Астана")
  2. Норман Вахтра (Эстония, China Glory–Mentech Continental);
  3. Александр Сэлби (Li-Ning Star командасы). 
Маттео Малучелли

Аталған кезеңде "Астана" командасының өзге шабандоздары келесі орындарға ие болды:

  • Аарон Гейт — 14-орын
  • Николя Винокуров — 49-орын
  • Густав Ван — 60-орын
  • Хенок Мулюбырхан — 66-орын
  • Су Хаоюй — 94-орын
  • Лев Гонов — 126-орын