Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстанның танымал дзюдошысы допинг дауына ілігіп, жарыстардан шеттетілді

Сарапшы, спорт журналисі
28.04.2025, 15:40

Ұлттық допингке қарсы агенттік елдегі төрт спортшыны уақытша спорттан аластатты. 

inbusiness.kz
Реклама
Реклама

Шеттетілген спортшылар қатарында Ханчжоуда өткен Паразиада ойындарының жүлдегері, дзюдошы Ерлан Қоңқиев бар. Агенттіктің мәліметінше, Қоңқиев өз мекенжайы туралы деректерді уақытылы ұсынбаған және допинг сынамаларын тапсыру мерзімін бірнеше рет өткізіп алған. Сол себепті 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап 2027 жылдың 1 ақпанына дейін барлық ресми жарыстардан шеттетілді.

Допингке қарсы агенттік өзге де спортшыларға қатысты шешім шығарды:

  • Ауыр атлет Бекболат Қалиұлының қанынан метандиенон табылған. Ол 4 жылға спорттан аластатылды.
  • Зілтемірші Аслан Бұрқанов тестостерон қолданғаны үшін 3 жылға жарыстардан шеттетілді.
  • Грепплингтен сынға түсетін Самат Әйтпанбет те 3 жыл бойы үлкен турнирлерге қатыса алмайды.

Қазақстанда допингке қарсы талаптар қатаң сақталады. Спортшылардан допингке қатысты бұзушылықтар үшін ауыр жазалар қарастырылған. Бұл жағдай ел спортында тазалық пен әділеттілікті сақтау мақсатындағы жұмыстардың бір бөлігі саналады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары