Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстан құрамасының ойыншысы шенеунікке айтқан сөзі үшін жыл соңына дейін алаңнан шеттетілді

Сарапшы, спорт журналисі
30.04.2025, 15:50

"Каспий" және Қазақстан құрамасының баскетболшысы Максим Марчук 2025 жылдың соңына дейін Қазақстан Баскетбол Федерациясы (QBF) өткізетін ресми турнирлерге қатысу құқығынан айырылды. 

Tengrinews.kz
Реклама
Реклама

Сонымен қатар, спортшыға 500 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Федерация мәліметінше, бұл шешім ойын комиссарының рапортына сүйеніп, Марчуктың қатысуынсыз және нақты дәлелдер ұсынылмастан қабылданған.

Шешімнің басты себебі — Марчуктың плей-офф матчынан кейін Федерация президенті Абай Алпамысовқа бағыттаған сыни сөзі:

"Неге үнемі күлесіз? Сіз секілді адамдар Федерацияда отырған кезде, осындай быт-шыт болып қала береді".

Бұл пікір әлеуметтік желіде тарап, қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Марчук жазамен келіспейтінін және бұл шешімнің құқықтық әрі этикалық нормаларға қайшы екенін айтты:

"Бұл шешім менің қатысуымсыз, ешқандай хабарландырусыз, дәлелсіз, регламенттің нақты тармақтарын көрсетпей қабылданды. Мен оны негізсіз деп есептеймін. Ол әділдікке және спорттық этикаға қайшы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен кепілдендірілген қорғану құқығымды бұзады", – деді ол.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары