Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Бокс аңызы Қазақстанның ең бай кәсіпкерлерінің қатарында

Редактор Penalty.kz
09.05.2025, 07:38

Қазақстандық бокстың тірі аңызы Серік Қонақбаев елдегі ең бай кәсіпкерлер тізіміне енді. Forbes Kazakhstan басылымының мәліметінше, әйгілі спортшының байлығы 93 миллион АҚШ долларына, яғни 48 миллиард теңгеге жуық деп бағаланған.

Vesti.kz
Реклама
Реклама

65 жастағы Қонақбаев бизнес саласында табысты кәсіпкер ретінде танымал. Ол "SSM Oil" ЖШС-нің 60 пайыз акциясына ие, бұл үлес оған "K-Global Invest" ЖШС арқылы тиесілі. Компания Қызылорда облысында көмірсутектерді барлау және өндірумен айналысады. Ресми сайттағы мәлімет бойынша, барлық жобалар сынақ пайдалану кезеңінде.

Сонымен қатар Қонақбаев "ARK Petroleum" ЖШС-де де үлеске ие. Бұл компания 2023 жылы Маңғыстау облысындағы Шалва кен орнын барлау және өндіруге арналған келісімшартқа қол қойған.

Серік Қонақбаев — кеңестік және қазақстандық спорт тарихында есімі алтын әріппен жазылған тұлға. Ол:

  • 1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері;
  • 1982 жылы Кёльн қаласындағы (Германия) әлем чемпионатының күміс жүлдегері;
  • 1979 жылы Нью-Йорк пен 1981 жылы Монреальда өткен әлем кубогының иегері.
Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары