2024 жылдың қорытындысы бойынша, елімізде 660 мыңнан астам адам қазақша күрес, көкпар, тоғызқұмалақ және басқа да дәстүрлі спорт түрлерімен тұрақты түрде айналысады.
Соңғы жылдары Қазақстанда ұлттық спорт түрлеріне деген сұраныс айтарлықтай артқан. 2024 жылдың қорытындысы бойынша, елімізде 660 мыңнан астам адам ұлттық спортпен тұрақты түрде айналысып жүр. Яғни халықтың 9,6 пайызы. Бұл туралы sportarena.kz хабарлады.
Салыстыру үшін айта кетсек, 2023 жылы бұл көрсеткіш 619,2 мың адам (8,7%) болған.
Бұл – соңғы алты жылда 75%-дан астам өсім деген сөз.
Қазақстандықтар арасында кең тараған және жиі қатысатын ұлттық спорт түрлерінің қатарына мыналар кіреді:
Қазіргі таңда елдің әр өңірінде 15 балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі және 17 ұлттық спортқа маманданған клуб жұмыс істейді. Бұл мекемелер ауыл-аймақтардағы дарынды жастарды тәрбиелеуде үлкен рөл атқаруда.
Сонымен қатар, Қазақстанда жыл сайын 1000-нан астам ұлттық спорт сайысы өткізіледі, бұл өз кезегінде дәстүр мен мәдениетті жаңғыртудың маңызды алаңына айналып отыр.