45 жыл бұрын Мәскеуде жазғы Олимпиада ойындары өтті. АҚШ бастаған бірқатар капиталистік елдердің бойкотына қарамастан додаға 80 елден 5000-нан аса спортшы қатысты.
Олардың ішінде КСРО құрамында Қазақстаннан 19 спортшы (17 ер, 2 әйел) өнер көрсетті. Бүгінде бұл саңлақтардың өмірі әртүрлі бағытта өрбіп жатыр.
Виктор Мазин (ауыр атлетика, 60 кг дейін) – өмірінің соңғы жылдарын Красноярск өлкесінде өткізді. Өкінішке қарай 2022 жылы тамақ обырынан қайтыс болды.
Жақсылық Үшкемпіров (грек-рим күресі, 48 кг дейін) – Олимпиададан кейін табысты фермерге айналды. Қазақстанның Еңбек Ері атағын алды. 2020 жылы пневмониядан көз жұмды.
Шәміл Серіков (грек-рим күресі, 57 кг дейін) – 1989 жылы өмірімен өз еркімен қош айтысты.
Сергей Котенко (ватерпол) – бизнес саласында еңбек етуде.
Надежда Шуваева-Ольхова (баскетбол) – жеке кәсіппен айналысады.
Владимир Муравьёв (жеңіл атлетика, 4x100 м эстафета) – Германияда бапкерлік білім береді.
Виктор Демьяненко (бокс) – жеке кәсібін дөңгелетуде.
Серік Қонақбаев (бокс) – Forbes журналының нұсқасы бойынша ең табысты кәсіпкерлердің қатарында.
Анатолий Быков (грек-рим күресі, 74 кг дейін) – бизнесмен, Канадада тұрады.
Татьяна Лесовая (диск лақтыру) – Алматыда жаттықтырушы болып қызмет етеді.
Фарит Зигангиров, Олег Загороднев, Михаил Нечипуренко, Александр Мясников, Александр Гончаров, Минеулла Азизов (көгалдағы хоккей) – ақпарат нақтыланбаған.
Александр Асанов (стенд ату) – өкпе қатерлі ісігінен 2003 жылы қайтыс болды.
Сергей Немцанов (мұнарадан секіру, 10 м) – АҚШ-та тұрады, сонда жұмыс істейді.
Сергей Кулибаба (сырықпен секіру) – Алматыда жаттықтырушы болып жұмыс істейді.
1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасының қазақстандық қатысушылары – тек спорт аренасында емес, өмір жолында да жеңіске жеткен тұлғалар. Олардың бір бөлігі бизнесте табысқа жетсе, кейбірі шетелге қоныс аударған немесе спорт саласында тәлім беріп жүр. Бұл тұлғалар – қазақстандық спорт тарихының алтын парақтарында мәңгі сақталмақ.