Сәбина Алтынбекованың Қазақстанға оралуы жеңіспен басталды
04.09.2025, 16:55
Қазақстанның ең танымал волейболшысы Сәбина Алтынбекова алты жылдық үзілістен кейін туған елінде алаңға шығып, алғашқы жеңіске жетті. Ол жаңа клубы – «Астана» сапында Қазақстан кубогының ойынында Маңғыстау облысының командасынан басым түсті.
instagram/@altynbekova_20
Оралдағы алғашқы матч
Кездесу Оралда өтті. «Астана» қарсыласын 3:1 есебімен тізе бүктірді (20:25; 25:18; 25:19; 25:18).
Алғашқы партияда маңғыстаулықтар алда болғанымен кейінгі үш партияда «Астана» толық басымдық көрсетті.
Алтынбекованың қайта оралуы
Бұл Сәбина Алтынбекованың Қазақстандағы алғашқы ресми ойыны болды. Соңғы рет ол 2019 жылы ел біріншілігінде «Алматы» клубының намысын қорғаған. Сол уақыттан бері спортшы Қазақстаннан тыс жерде кәсіби мансабын жалғастырды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама