Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласындағы садақ атудан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғаш рет жүлдегер атанды.
Компаунд санатында сынға түскен Әдел Жексенбинова, Виктория Лян және Роксана Юнусова бастаған қыздарымыз қола үшін болған кездесуде Ұлыбритания құрамасын 232:228 есебімен тізе бүктірді
Бұл – еліміздің садақ ату тарихындағы ерекше сәт. Бұған дейін Қазақстан атынан соңғы рет 1993 жылы Яна Туниянц классикалық садақ атуда қола жүлде еншілеген. Яғни, араға тура 32 жыл салып отандастарымыз әлемдік додада қайтадан жеңіс тұғырынан көрінді.