Бүгін Sәlem Entertainment күтпеген бот-шабуылға ұшырап, қазақстандық футбол жайлы «Offside» сериалының алғашқы бөлімі қолжетімсіз болып қалған еді.
16 қазан күні қазақстандық медиа-компания Sәlem Entertainment күтпеген бот-шабуылға ұшырағаны туралы ақпар тарады. Соның салдарынан YouTube-тағы «Пацанские истории» арнасында шыққан «Offside» сериалының алғашқы бөлімі платформадан жойылып кеткенін айтты компания өкілдері.
«Offside» — тек спорт емес, қазақ футболының ішкі әлемін, жас ұрпақтың үміт пен күресін көрсететін драмалық жоба. Бірінші эпизод шыққан сәтте-ақ желіде қызу талқыланып, мыңдаған қаралым жинаған болатын.
Сонымен қатар, жобаның авторы Рүстем Омаровтың Instagram парақшасы да бұғатталды деген мәлімдеме жасалды.
Компания өкілдері Instagram парақшасында мәлімдеме жасап, арналардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жобаны қайта қалпына келтіру үшін барлық шаралар қабылданып жатқанын айтты:
«Қазіргі уақытта Sәlem Entertainment командасы арналардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және «Offside» жобасының әрі қарай көрсетілімін жалғастыру үшін барлық шараларды жасап жатыр.», — делінген ресми хабарламада.
Алайда көрермендер арасында: «Шынымен кибершабуыл ма, әлде маркетинг пе?» деген сұрақтар мен күмәндер көбейді.
Себебі YouTube-та сілтеме арқылы өткенде мынадай ақпар шығады.
Яғни бейнежазба әлі де қолжетімді деген сөз. Оны тек шектеулі аккаунт қана ашып, көре алады.
Егер сериалдың алғашқы бөлімі жойылғанда немесе YouTube-арна бұғатталса, ескерту мәтіні мүлдем басқа болар еді. Төмендегі суреттегідей:
Мұндай бейнежазбаларды тек контент авторы таңдаған қолданушылар ғана көре алады. Сілтемесі арқылы өткенде бәрібір ашылмаса, оған бірнеше себеп бар:
Жалпы, кибершабуылдың ықтимал себебі ретінде хикаядағы бейәдеп сөздерге көрермен тарапынан көптеп шағым түсуі де болуы мүмкін. Қазір хикаяның қолжетімсіз болуына байланысты желі қолданушылары арасында қызу талқы жүріп жатыр. Түрлі пікірлер айтылуда.
Қалай дегенмен, аталған компания өкілдері, аталған мәселе бойынша толыққанды ақпар беріп, оқиғаның мән-жайын айтады деп сенеміз.