371 төреші бәс тігуге арналған сайттарға тіркелген болып шықты.
Түркия футбол федерациясы елдің кәсіби лигаларында жұмыс істейтін 571 төрешінің 371-і бәс тігетін сайттарда тіркелгенін ресми түрде хабарлады.
Олардың ішінде 42 төреші жеке өздері мыңнан астам матчқа бәс тіккені анықталды.
Федерация президенті Ибрахим Этем Хаджиосманоғлу бұл жағдай бойынша тәртіптік тергеу басталғанын мәлімдеп, Түркия футбол жүйесіне толық реформа жасалатынын айтты.
"Біз футболды жемқорлықтың барлық ізі мен кірінен тазартуға бел будық. Ешкімге жеңілдік жасалмайды." – деді Хаджиосманоғлу.