Сәуір айында ғана волейболдан өткен Азия чемпионатында топ жарған «Жетісу» клубы әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды.
Енді аруларымыз 9-14 желтоқсан аралығында Бразилияның Сан-Паулу қаласында әлемнің ең үздік 8 командасы жиналған әлем чемпионатында бақ сынайды.
Талдықорғанның ұжымы топтық кезеңде Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері «Савино Дель Бене» (Италия), Оңтүстік Америка чемпионатының күміс жүлдегері «Альянца Лима» (Перу) және жарыс қожайыны «Озаску Сан-Кристованмен» (Бразилия) күш сынасады.
Клубтық әлем чемпионатының тарихында бұған дейін де еліміздің атынан «Алтай», «Қуаныш» клубтары өнер көрсеткенімен әзірге бірде-бір рет жеңіске жете алмай келеді.