Реклама
Реклама

Қазақстандық гандболшылардың ӘЧ ойыны ірі есеппен аяқталды

Сарапшы, спорт журналисі
30.11.2025, 11:48

Еске салсақ, ұлттық құрама бірінші турда Анголаға 20:38 есебімен есе жіберген.

ҰОК

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионатының бастапқы кезеңінде жеңіліске ұшырады. H тобындағы екінші турда қыздар Норвегиядан жеңілді. Қорытынды есеп 16:41 болды.

Бірінші турда Қазақстан құрамасы Анголаға 20:38 есебімен жеңілген. Соңғы ойында Александр Сытконың командасы Оңтүстік Кореямен кездеседі. Матч 1 желтоқсанға жоспарланған.

Әлем чемпионатының бастапқы кезеңдегі H тобындағы ойындар Германияның Трир қаласында өтіп жатыр.

Реклама
Реклама