Қазақстандық конькиші әлем кубогында бірден екі алтын жеңіп алды
30.11.2025, 13:54
Кристина Шумекова конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды.
ҰОК
Қазақстандық конькимен жүгіруші Кристина Шумекова Милан (Италия) қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде екі мәрте топ жарды.
Спортшы 1000 және 3000 метр қашықтықтарында алтын медаль жеңіп алды.
1000 метр
1. Кристина Шумекова
2. Аяно Секигучи (Жапония)
3. Ханна Мазур (Польша)
3000 метр
1. Кристина Шумекова
2. Лике Хейзинк (Нидерланд)
3. Цзяминь Цзян (Қытай)
Айта кетейік, нео-сеньорлар арасында өткен 1000 метрлік қашықтықтағы жарыста Дарья Важенина қола медаль иеленді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама