10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Бибісара Асаубаева ӘЧ-2025 жеңісі үшін қанша сыйақы алды?

Сарапшы, спорт журналисі
03.01.2026, 18:35

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаеваның 2025 жылғы блицтен әлем чемпионатындағы (Доха) жеңісі үшін алған жүлдеақысы белгілі болды. 

Instagram/@bibisarachess

Жүлде қоры: 40 мың еуро (шамамен 23,8 млн теңге)

Дереккөз мәліметінше, Асаубаева беделді турнирдегі чемпиондығы үшін 40 мың еуро көлемінде сыйақы иеленген. Теңгемен есептегенде бұл шамамен 23,8 млн теңгеге жуық.

Әлем чемпионатының финалында Бибісараның қарсыласы Украина өкілі Анна Музычук болды. Шешуші матч сериясында қазақстандық шахматшы 2,5–1,5 есебімен жеңіске жетіп, алтын медальды қанжығасына байлады.

FIDE-нің 2026 жылғы турниріне жолдама алды

Асаубаева финалдағы жеңісінің арқасында FIDE әйелдер арасындағы 2026 жылғы Үміткерлер турниріне қатысу құқығын да қамтамасыз еткені айтылды. Бұл — әлемдік тәж үшін күреске апаратын ең маңызды кезеңдердің бірі.

Айта кетейік, ӘЧ-2025 титулы Бибісара үшін блиц форматындағы үшінші әлем чемпиондығы саналады. Бұған дейін ол 2021 және 2022 жылдары да әлем біріншілігінде топ жарған.

Реклама
Реклама