Реклама
Реклама

Футзалдан Азия кубогы: Иран – Өзбекстан матчында 11 гол соғылды

Сарапшы, спорт журналисі
03.02.2026, 20:33

Индонезияда өтіп жатқан футзалдан Азия кубогының ширек финалында Өзбекстан құрамасы Иранға жол берді. Ойын өте нәтижелі өтіп, қос команда 11 гол соқты.

uznews.uz

Өзбекстан қарсыласына 7:4 есебімен жол берді. Осылайша  Азияның қазіргі чемпионы саналатын Иран құрамасы жартылай финалға өтті.

Жартылай финалдағы жұптар:

  • Иран – Ирак (Ирак 1/4 финалда Таиландты 4:2 есебімен жеңді)
  • Жапония – Индонезия (Жапония ширек финалда Ауғанстанды 6:0 есебімен ойсырата ұтса, Индонезия Вьетнамнан 3:2 есебімен басым түсті)

Еске салайық, Өзбекстан топта мынадай ойындар өткізді:

  • Жапониядан ұтылды — 1:2
  • Австралияны жеңді — 4:2
  • Тәжікстанмен тең ойнады — 0:0

Иран — Азиядағы ең титулды құрама. Команда 13 рет Азия чемпионы атанған. Ал Жапония құрамасы бұл турнирде 4 мәрте чемпион болған.

Реклама
Реклама