Реклама
Реклама

"Тұран" Чемпиондар лигасының финалында масқара болды

Сарапшы, спорт журналисі
10.02.2026, 23:19

Мальдив аралдарының астанасы Мале қаласында әйелдер командалары арасындағы Орталық Азия Чемпиондар лигасының (CAVA аймағы) алғашқы маусымы аяқталды. 

Instagram/@volleyfederationkz

"Тұран" күтпеген жерден жеңілді

Турнирдің шешуші матчында Түркістанның "Тұран" волейбол клубы Иранның "Фулад" командасынан ойсырай жеңілді. Кездесу 0:3 есебімен аяқталды — 0:3 (22:25, 20:25, 20:25)

Осы нәтижеден кейін "Фулад" CAVA аймағы атынан Азия Чемпиондар лигасына берілетін жалғыз жолдаманы иеленіп, өз еліне маңызды квота алып келді.

Қазақстан үшін мүмкіндік: wild-card ғана

Айта кетейік, Қазақстан клубының Азия Чемпиондар лигасына қатысуы тек бір жағдайда мүмкін: егер AVC (Азия волейбол конфедерациясы) елімізге бөлінетін екі wild-card-тың бірін ұсынса ғана.

Реклама
Реклама