Реклама
Реклама

Медаль бұйыра ма? Софья Самоделкина бүгін жүлдеге қол созып көреді

Сарапшы, спорт журналисі
19.02.2026, 07:35

Бүгін отандасымыз Қысқы Олимпиада-2026 ойындарында еркін бағдарламасын орындайды. Өнерін тікелей эфирден көруге болады.

sport.orda.kz

19 ақпан күні қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Қысқы Олимпиада-2026 ойындарында еркін бағдарламасын орындайды. Бұл – медаль тағдырын шешетін шешуші кезең.

Қайда және қашан көруге болады?

  • Күні: 19 ақпан
  • Уақыты: 23:00 (Қазақстан уақытымен)
  • Тікелей эфир: "Qazsport" телеарнасы

Қысқа бағдарламадағы жағдай

Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша Софья Самоделкина 68,47 ұпай жинап, 12-орынға тұрақтады.

Бұл нәтиже жанкүйерлер мен сарапшылар арасында қызу талқыланды. Әлеуметтік желілерде бірқатар маман мен Олимпиада чемпиондары төрешілердің шешіміне күмән келтіріп, қазақстандық спортшы әділетсіз бағаланды деген пікір білдірді.

Қысқа бағдарламадан кейін алғашқы үштікте:

  1. Ами Накаи – 78,71 ұпай
  2. Каори Сакамото – 77,23 ұпай
  3. Алиса Лю – 76,59 ұпай

Еркін бағдарламаға жалпы 24 үздік спортшы жолдама алды.

Медальге мүмкіндік бар ма?

Еркін бағдарлама – мәнерлеп сырғанауда ең жоғары ұпай берілетін кезең. Сондықтан бағдарламының күрделілігі мен таза орындалуына қарай Самоделкина жалпы есепте айтарлықтай жоғары көтеріле алады.

Реклама
Реклама