Йоханнес Клэбо Милан және Кортина-д’Ампеццодаға Қысқы Олимпиада ойындарында 50 шақырымдық классикалық стильдегі марафонда топ жарды. Осылайша ол 11 дүркін Олимпиада чемпионы атанды.
Клэбо 50 шақырымды 2 сағат 06 минут 44,8 секундта еңсерді. Жүлделі орындардың барлығы дерлік норвегиялықтардың еншісінде қалды:
29 жастағы Клэбо Италиядағы Олимпиадада бұған дейін де бірнеше дисциплинада алтын алған. Ол скиатлонда, спринтте, жеке жарыста, эстафетада, командалық спринтте және 50 км марафонда жеңіске жетіп, бір Қысқы Олимпиадада 6 алтын медаль алған алғашқы спортшы ретінде рекорд жаңартты.
Клэбоның Олимпиададағы олжасы бұнымен шектелмейді:
Осы көрсеткіштерімен ол Қысқы Олимпиада тарихында алтын медаль саны бойынша ерекше рекордқа ие спортшылардың қатарын кеңейтті.