Конькишілеріміз әлем кубогында төрт алтын жеңіп алды
21.02.2026, 22:49
Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының кезеңі басталды.
olympic.kz
Төрт алтынның авторлары кім?
Кристина Шумекова бір күнде екі мәрте топ жарып (1000 метр және 3000 метр), Қазақстан қоржынына қос алтын салды:
Ал нео-сеньорлар санатында 1000 метр қашықтықта Қазақстан қыздары түгелдей жеңіс тұғырын иеленді. Олар Инесса Шумекова, Дарья Важенина және Алина Дауранова.
Сондай-ақ Қазақстан әйелдер командалық спринтінде (нео-сеньорлар) бірінші орын алды.
Күміс пен қола нәтижелер
Алғашқы күннің медаль кестесі алтынмен ғана шектелмеді:
- Андрей Семёнов — 1000 метрде 2-орын (нео-сеньорлар)
- Әйелдер командалық спринті (юниорлар) — Қазақстан 2-орын
- Ерлер командалық спринті (нео-сеньорлар) — Қазақстан қола медаль еншіледі
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама