Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, Михаил Шайдоров 24 ақпаннан 25 ақпанға қараған түні Астана қаласына келеді.
Қазақстан тарихында мәнерлеп сырғанаудан алғашқы Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың елге оралатын уақыт белгілі болды.
Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, Михаил Шайдоров 24 ақпаннан 25 ақпанға қараған түні Астана қаласына келеді.
Ұшақ елорда әуежайына 01:30-да (Астана уақытымен) қонады.
Әуежайда спортшыны салтанатты түрде қарсы алу рәсімі ұйымдастырылып, БАҚ өкілдері үшін арнайы кездесу өтеді.
Еске салайық, 14 ақпан 2026 жылы Италияда өткен Қысқы Олимпиада ойындарында Михаил Шайдоров алтын медаль жеңіп алды. Бұл — Қазақстан тарихындағы мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш Олимпиада алтыны.
Жарыс барысы:
Осы нәтижемен қазақстандық спортшы турнир жеңімпазы атанды.
Күміс жүлдені жапониялық Юма Кагияма (280,06 балл), ал қола медальді Шун Сато (274,9 балл) иеленді.
Шайдоровтың жеңісі Қазақстан спорты үшін тарихи оқиғаға айналды. Ол қысқа бағдарламадан кейін бесінші орында тұрғанына қарамастан, еркін бағдарламада тамаша өнер көрсетіп, жалпы есепте бірінші орынға көтерілді.