Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Олимпиада ойындарын бір ғана медальмен аяқтады. Ел қоржынына жалғыз жүлдені мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров салып, сенсациялық түрде алтын медаль жеңіп алды.
Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Олимпиада ойындарын медальдық есепте 19-орынмен аяқтады.
Турнирдегі елдің жалғыз жүлдесін мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров әкелді — ол сенсация жасап, "алтын" медаль жеңіп алды. Азия елдері арасындағы көрсеткіш бойынша Қазақстан төртінші орынға тұрақтады. Қазақстаннан жоғары Жапония — 10-орын (5 алтын, 7 күміс және 12 қола медаль), Қытай — 12-орын (5 алтын, 4 күміс және 6 қола медаль) және Оңтүстік Корея — 13-орын (3 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль) иеленді.
Медальдық есептің сөзсіз көшбасшысы Норвегия болды — олар 18 алтын, 12 күміс және 11 қола медаль жеңіп алды.