Қазақстан каратэден әлемдік рейтингте көш бастады

Сарапшы, спорт журналисі
26.03.2026, 08:03

Халықаралық World Karate Federation (WKF) әйелдер арасындағы салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады.

Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Жаңа тізімде Қазақстан құрамасының үш спортшысы жоғары орындарға көтеріліп, елдің каратэдегі  позициясын айқындады.

Нақты кім?

50 келіге дейінгі салмақта Мөлдір Жаңбырбай рейтинге бірінші орынға шықты. Ол – 2023 жылы Қазақстан тарихындағы каратэден тұңғыш әлем чемпионы атанған және қазіргі таңда өз салмағы бойынша көш бастап тұр.

61 келіге дейінгі санатта Әсел Қанай екінші орынға орналасты. Әсел 2025 жылы Египетте өткен әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болған.

Ал 68 келіден жоғары салмақта Софья Берульцева рейтингтің алғашқы сатысына шықты. Софья 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері және 2025 жылғы әлем чемпионатында күміс медаль иеленген.

Әлем чемпионатындағы нәтиже

2025 жылғы әлем чемпионаты 27-30 қараша аралығында Египеттің Каир қаласында өтті. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 103 елдің ішінде 11-орын алды. Ұлттық құрама қоржынына бір күміс және екі қола жалпы 3 медаль иеледі. Ерлерден Дидар Әмірәлі 67 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болды.

Реклама
Реклама