Қазақстанның үздік мәнерлеп сырғанаушысы ӘЧ-2026 банкетінде образымен тәнті етті (ФОТО)

Сарапшы, спорт журналисі
31.03.2026, 17:52

Қазақстандық танымал мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина әлем чемпионаты аяқталғаннан кейінгі салтанатты кештен әсерлі фотолар жариялап, жанкүйерлердің назарын аударды.

instagram/@sofyasamodelkina

Жарқын образ жанкүйерлерді таңғалдырды

Спортшы Прага қаласында өткен әлем чемпионатының жабылу рәсіміне арналған банкеттен суреттерді әлеуметтік желіде бөлісті.

“Әлем чемпионатының жабылуына арналған банкет. Барлығы керемет көрінді!” – деп жазды ол.

Желі қолданушылары Самоделкинаның талғампаз көйлегін ерекше атап өтіп, пікірлерде жылы лебіздерін қалдырды.

Әлем чемпионатындағы нәтижесі

Еске салайық, Софья Самоделкина әйелдер арасындағы жекелей сында қысқа және еркін бағдарламалар қорытындысы бойынша 187.53 ұпай жинап, 12-орынға тұрақтады.

Алтын жүлдені жапониялық Каори Сакамото жеңіп алды. Ол 238.28 ұпай жинап, турнирдің жеңімпазы атанды.

Реклама
Реклама