Қазақстандық велоспортшылар Азияны шулатты

Сарапшы, спорт журналисі
31.03.2026, 21:32

Қазақстан құрамасы трек велоспорты бойынша Азия чемпионатында алғашқы алтын медальға қол жеткізді. Құрлықтық дода Филиппиннің Тагайтай қаласында өтті.

Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Ерлер арасындағы 1 шақырымдық гит жарысында Кирилл Курдиди үздік нәтиже көрсетіп, чемпион атанды. Ол қашықтықты 59,915 секундта өтіп, қарсыластарынан озып шықты. Күміс жүлде қытайлық Хань Сеге (59,929) бұйырса, жапониялық Риото Ичида қола медаль иеленді (1:00,614). Айта кетсек, бұл Қазақстан құрамасының осы чемпионаттағы алғашқы алтыны. Жүлде иесі Кирилл 11 жасынан бастап велосипедпен айналысады, трек және тас жол сияқты бағдарламалардың түрлерінде өнер көрсетеді.

Құрама нәтижесі

25-31 наурыз аралығында Тагайтайда өткен велотректен Азия чемпионаты Қазақстан құрамасы үшін нәтижелі болды. Ұлттық команда ересектер арасында 5 медаль жеңіп алса, жасөспірімдер құрамасы 6 жүлдеге қол жеткізді.

Ересектер құрамасының нәтижесі:

1-орын Кирилл Курдиди -1000 метр гит                                                                                                                                                                                                                                                                              2- орын : 

  • Әлішер Жұмақан - ұпайлық топтық жарыс,  скрэтч (10 км)
  • Рамис Дінмұхаметов пен Илья Карабутов - мэдисон (50 км)

3-орын Рината Сұлтанова - із қуу жарысы

Жасөспірімдер құрамасының нәтижесі

Юниорлар құрамасы 6 медальмен көзге түсті:

1-орын:

  • Әнел Ташбай, Аружан Қабдулова, Виталина Хоружая, Аружан Смайылқанова, Әлия Бұқаева - командалық жарыс
  • Әнел Ташбай мен Аружан Қабдулова - мэдисон
  • Әнел Ташбай - жеке жарыс (3 км)

2-орын :

  • Мұрат Күйітенов - омниум
  • Аружан Қабдулова - топтық жарыс.

Қола жүлдені Зейнолла Азаматұлы иеленіп тізімді түйіндеді. Осылайша Қазақстан құрамасы құрлықтық додада 11 медаль жеңіп алды. Құрлықтық додаға 19 елден 300-ден астам спортшы қатысты.

Реклама
Реклама