Бибісара Асаубаева сенсация жасады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
31.03.2026, 22:55

Отандасымыз Кипрдің Пафос қаласындағы Үміткерлер турнирі-2026 жарысының үшінші турында жеңіске жетті. 

sportilinet.kz

Турнирдегі жағдайын жақсартты

Бибісара әлемдік рейтингте жоғары орында тұрған, турнирдің басты фавориттерінің бірі саналатын қытайлық Чжу Цзиньэрді тізе бүктірді. Асаубаева бұл кездесуде қара тастармен ойнап, маңызды ұпай еншіледі.

Жарыстың алғашқы екі турында қазақстандық гроссмейстер үнді қызы Рамешбабу Вайшали және ФИДЕ атынан сынға түсіп жатқан Александра Горячкинамен тең түскен. 

Үшінші турдағы жеңіс Бибісара Асаубаеваның турнир кестесіндегі жағдайын едәуір жақсартып, оны көш басындағы шахматшылар қатарына шығарды.

Келесі қарсыласы кім?

Турнирдің келесі турында қазақстандық шахматшы тағы бір қытайлық Тань Чжунъимен кездеседі.

Сонымен қатар Бибісараны алдағы ойындарда мынадай мықты қарсыластар күтіп тұр:

  • Дивья Дешмух (Үндістан)
  • Екатерина Лагно (ФИДЕ)
  • Анна Музычук (Украина)

Үміткерлер турнирінің маңызы қандай?

Бұл жарыстың жеңімпазы әйелдер арасындағы шахматтан әлем чемпионы атағы үшін матч өткізу мүмкіндігіне ие болады. Қазір әлем чемпионы атағы қытайлық Цзюй Вэньцзюньге тиесілі.

Реклама
Реклама