"Барыс" қақпашысы германиялық клубқа ауысты
Астаналық "Барыс" командасының америкалық қақпашысы Адам Шил ресми түрде неміс клубы "Левен Франкфуртпен" келісімшартқа отырды.
26 жасар қақпашы өткен маусымда “Барыс” сапында 32 матч өткізіп, 808 соққының 734-ін қайтарды (90,8%). Шилдің астаналық клубпен келісімі 31 мамырға дейін болған еді. Еске салсақ, “Барыс” ҚХЛ Шығыс конференциясының кестесінде ондыққа тұрақтап, плей-офф кезеңіне өтпеді.
Германиядағы жаңа кезең
“Левен Франкфурт” Германияның ең жоғары кәсіби хоккей лигасында ойнайды. Клубтың спорттық директоры Ян Барта Адамды заманауи қақпашы деп пікір білдірді.
"Адам - өзінің бойымен, ептілігімен және сабырлылығымен таң қалдыратын заманауи қақпашы. 26 жасында ол қазірдің өзінде құнды тәжірибеге ие және сонымен бірге өте мақсатты және үнемі дамуға бел буады."
Ал америкалық қақпашы бұл шешімді қабылдау қиын болмағанын айтады.
“Франкфуртқа келу туралы шешім маған оңай болды. Мен Франкфурт қаласы, Левен және олардың керемет жанкүйерлері туралы жақсы нәрселерді ғана естідім. Ян Бартамен және жаттықтырушылар штабымен әңгімелесуден кейін, бұл жеңіске ұмтылатын ұйым сияқты әсер алдым. Мен команданың бір бөлігі болу мүмкіндігіне өте ризамын және тамыз айында әріптестеріммен және жанкүйерлеріммен кездесуді асыға күтемін!”
Адам Шил Франкфуртте 31 нөмірмен өнер көрсетеді.