Жарнама
Жарнама

Қазақстан жамбы атудан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алтынын иеленді

Қазақстан құрамасы Қырғызстандағы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында екі жүлде місе тұтты.

Қазақстан жамбы атудан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алтынын иеленді
sportarena.kz

Абзал Тұлыбеков қарсылас шақ келтірмеді

Жамбы атудың қырғыз стилі бойынша ұйымдастырылған сайыста Абзал Тұлыбеков үздік нәтиже көрсетті. Ол барлық қарсыласын басып озып, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алтын медалін жеңіп алды.

Садақ атудың бұл түрі жоғары дәлдік, мергендік, зейін және төзімділікті талап етеді. Қазақстандық шешуші кезеңде шеберлігін танытып, жарыстың жеңімпазы атанды.

Нұрсұлтан Қожагелді қола жүлде иеленді

Қазақстан құрамасына екінші медальді Нұрсұлтан Қожагелді әкелді. Ол дәстүрлі алыш күресінен үшінші орын алды.

Осылайша ел спортшылары VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы табысты өнерін жалғастырып, ұлттық құраманың медаль санын арттырды.

Жарнама
Жарнама