Жарнама
Жарнама

Қазақстанның ӘЧ плей-оффындағы қарсыласы анықталды

Қазақстан құрамасы Германияның Эссен қаласындағы әлем чемпионатының 1/8 финалында Венгриямен кездеседі.

Қазақстанның ӘЧ плей-оффындағы қарсыласы анықталды
instagram/@afl.socca_kazakhstan

Қазақстан – Венгрия матчы қашан өтеді?

Ширек финал жолдамасы сарапқа салынатын Қазақстан – Венгрия кездесуі бүгін турнирдің негізгі аренасы саналатын Кеннедиплац алаңында өтеді.

Бұл жұптың жеңімпазы ширек финалда Украина – Австралия матчының жеңімпазыымен ойнайды.

Соккадан әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде тағы мына құрамалар кездеседі:

  • Испания – Хорватия;
  • Польша – Сирия;
  • Грекия – Оман;
  • Франция – Румыния;
  • Дания – Германия;
  • Украина – Австралия;
  • Бразилия – Албания;
  • Қазақстан – Венгрия.

Қазақстан топтық кезеңді мінсіз аяқтады

Эссендегі әлем чемпионаты 28 тамызда басталды. Қазақстан құрамасы H тобында Бельгия, Түркия және Иракпен сынға түсті.

Үш турдың қорытындысы бойынша қазақстандық футболшылар барлық кездесуде жеңіске жетіп, мүмкін болған ең жоғары ұпайды жинады. Осылайша ұлттық құрама өз тобында бірінші орын алып, плей-офф кезеңіне сенімді түрде жолдама алды.

Жарнама
Жарнама