Жарнама
Жарнама

Қазақстан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көш бастады

4 қыркүйектегі мәлімет бойынша ұлттық құрама спортшылары 55 жүлде жеңіп алды. 

Қазақстан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көш бастады
instagram/@ulttyqatsport.kz

Қазақстан қоржынында 25 алтын медаль бар

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, қазақстандық спортшылардың еншісінде 25 алтын, 13 күміс және 17 қола медаль бар.

Қырғызстан құрамасы жүлделердің жалпы саны бойынша алда болғанымен, алтын медаль саны ескерілетін командалық есепте екінші орында тұр. Жарыс қожайындары 23 алтын, 24 күміс және 11 қоланы қоса есептегенде 58 жүлде иеленген.

Үздік үштікті 4 алтын, 6 күміс және 13 қола медаль жеңіп алған Ресей құрамасы түйіндеп тұр.

Қай спорт түрлерінен жүлде алды?

Қазақстан өкілдері ойындар бағдарламасына енгізілген 42 спорт түрінің 31-інде өнер көрсетіп үлгерді. Ұлттық құрама бірқатар бәсекеде жүлдеге қол жеткі жеткізді. Олардың қатарында:

  • аударыспақ;
  • қазақ күресі;
  • алыш белбеу күресі;
  • армрестлинг;
  • самбо;
  • арқан тарту;
  • дәстүрлі садақ ату;
  • ат жарысы;
  • құсбегілік және өзге де сайыстарда жүлделер ұтып алды.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жарыстар әлі аяқталған жоқ. Қазақстандық спортшылар алдағы күндері тағы 11 спорт түрінен сынға түседі. Сондықтан құрамалардың медаль кестесіндегі орны өзгеруі ықтимал.

Қырғызстанда өтіп жатқан дүбірлі додаға әлемнің 113 елінен үш мыңға жуық спортшы қатысып жатыр.

Жарнама
Жарнама