Италияда өтетін XXXII Дүниежүзілік қысқы универсиадаға қатысу үшін қазақстандық студент-спортшылардың бірінші тобы Астанадан аттанды.
2025 жылғы 8 қаңтардан 9 қаңтарға қараған түні Туринге бірінші болып хоккей жарысы бойынша Қазақстан құрамасының өкілдері ұшты. Олардың ішінде қысқы универсиаданың ашылу салтанатында мемлекеттік туды алып шығатын хоккейші Абылайхан Сүлейменов те бар.
Сондай-ақ 9 қаңтардан 10 қаңтарға қараған түні шаңғы жарысы бойынша 16 адам, парашаңғы жарысы бойынша 5 адам Қазақстан құрамасының атынан жол жүрді.
ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі еліміздің намысын қорғайтын спортшыларға қолдау білдіріп, сәт сапар тіледі.