"Астана" баскетболшылары жеңісті уысынан шығарып алды (ВИДЕО)
21.01.2025, 22:28
"Астана" ВТБ Бірыңғай лигасында красноярскінің "Енисей" баскетболшыларын қабылдады.
vtb-league.com
Қазақстандық клуб красноярлықтарды ойынның бірінші бөлігінде жеңгенімен басымдықты матч соңына дейін ұстап тұра алмады. Тіпті үшінші ширекте бар болғаны алты ұпайға қол созды.
"Астана" сапында Даниель Утоми үздік болды. Оның еншісінде 15 ұпай.
Осылайша елордалықтар ВТБ лигасында қатарынан 26-шы матчта жеңіліске ұшырады.
"Астана" 26 қаңтарда сырт паркетте "Нижний Новгородпен" ойнайды.
ВТБ Бірыңғай лигасы. 26-тур.
"Астана" — "Енисей" (Красноярск) 60:78 (20:14, 22:19, 6:22, 12:23).
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама