Astana Indoor Meet турнирінің жеңімпаздары анықталды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
25.01.2025, 23:06

Астанадағы Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде World Athletics Indoor Tour Gold сериясының Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes турнирі өз мәресіне жетті. 

World Athletics

Астанада жеңіл атлетикадан Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes турнирі мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде биікке секіруден бақ сынаған отандасымыз Елизавета Матвеева үздік үштік қатарынан көрініп, қола медальға қол жеткізді.

Жарыс қортындысына сәйкес, барлық жеңімпаздар төменде: 

Әйелдер:

Үш қарғып секіру: Нея Филипич (Словения), Шарифа Давронова (Өзбекстан), Джесси Мадука (Германия);

Биікке секіру: Гикел Солен (Франция), Нагиса Такахаши (Жапония), Елизавета Матвеева (Қазақстан);

400 метрге жүгіру: Сада Уильямс (Барбадос), Амарачи Пипи (Ұлыбритания), Вероника Дрлячич (Хорватия);

60 метрге кедергіден жүгіру: Юми Танака (Жапония), Нооралотта Незири (Финляндия), Клаудия Войтуник (Польша);

60 метрге жүгіру: Тиа Клейтон (Ямайка), Лорен Базоло (Португалия), Тина Клейтон (Ямайка).

Ерлер: 

Ұзындыққа секіру: Исаак Гримс (АҚШ), Джален Силис (АҚШ), Джейсон Смит (АҚШ);

Биікке секіру: Луис Кастро (Пуэрто-Рико), Тобиас Поттер (Германия), Әмір Нағаев (Өзбекстан);

400 метрге жүгіру: Алекс Хэйдок-Уилсон (Ұлыбритания), Эрикссон Таварес (Португалия), Чиди Окези (Нигерия);

1500 метрге жүгіру: Кристиан Хансен (Дания), Абдуррахман Теки (БАӘ), Чарльз Гретен (Люксембург);

60 метрге кедергіден жүгіру: Дилан Бирд (АҚШ), Дамиан Чикер (Полша), Роджер Ирибарн (Куба);

60 метрге жүгіру: Кишейн Томпсон (Ямайка), Али Анвар Аль-Балуши (Аман), Шухей Тада (Жапония).