Юлия Галышева фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды
26.01.2025, 11:17
Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Юлия Галышева АҚШ-тың Уотервилл қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды.
orken-media.kz
Спортшы параллельді могулда сәтті өнер көрсетті. Галышева жартылай финалға дейін жетіп, франциялық Перрин Лаффонға есе жіберді.
Ал үшінші орын үшін өткен жарыста қазақстандық спортшы канадалық Майя Швингхаммерден басым түсті.
Алтын медальді Перрин Лаффон жеңіп алса, екінші орынды АҚШ спортшысы Джейлин Кауф иеленді.
Анастасия Городко тоғызыншы орынға табан тіресе, Аяулым Әміренова 29-шы нәтижені көрсетті.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама