Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Астана" БК қатарынан 27-ойында жеңіліс тапты (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
26.01.2025, 20:22

Елордалық баскетболшылар ВТБ Бірыңғай лигасында сырт паркетте "Пари Нижний Новгородпен" ойнады. 

matchtv.ru
Реклама
Реклама

Бірінші ширекте қос команда тең нәтиже тіркеді. Ал екіншісінде ресейліктер қарсыласын әбігерге салып он екі ұпайға ұзап кетті. Үлкен үзілістен кейін "Астана" ес жиып, қалған ширектерді өз пайдасына шешті. Бірақ "Пари Нижний Новгород" екінші ширектегі ұпай басымдығы арқасында жеңіске жете алды.   

Елордалық клуб сапында 29 ұпай жинаған Даниель Утоми үздік ойыншы атанды. Григорий Мотовилов — 16 ұпай, Данила Походяев — 7, Галлин Смит — 4, Руслан Айтқали — 3, Рустам Мырзағалиев — 2, Андрей Десятников — 1. 

Бұл ойын астаналықтар үшін ВТБ лигасының биылғы маусымдағы қатарынан 27-жеңіліс болды.

"Астана" 29 қаңтарда өз паркетінде "Самара" баскетболшыларымен шеберлік байқасады. 

ВТБ Бірыңғай лигасы. 27-тур

"Пари Нижний Новгород" — "Астана" 66:62 (16:16, 22:10, 13:17, 15:19).

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары