Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Вашингтонда апатқа ұшыраған ұшақта мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпиондары болған

Редактор Penalty.kz
30.01.2025, 15:32

АҚШ астанасы Вашингтонда жолаушылар мен әскери ұшақ соқтығысып суға құлады.

Daryo.uz
Реклама
Реклама

Оқиға Рейган әуежайының маңында болған. Ұшақ бортында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпиондары – ресейлік Евегния Шишкова мен Вадим Наумов болған деп жазды ресейлік БАҚ өкілдері.

Ұшақта барлығы 64 адамның болғаны анық, оның төртеуі борт мүшелері болса, қалған 60 адам – жолаушылар. Алғашында жергілікті БАҚ өкілдері апаттан бірнеше адамның тірі қалғанын жазған. Алайда, бұл ақпарат әлі нақты емес.

Ал тікұшақ бортында әскери үш адамның болған. Олардың да тағдыры әлі белгісіз.

Спортшылардың ұшақта болғанын ТАСС агенттігі жазды. Бұл ақпаратты спорттық агент Ари Закарян да растап отыр. Матч-ТВ тілшісіне ол апат болған ұшақта жақын таныстары – елге танымал спортшылардың болғанын айтып, бірақ нақты кім екенін көрсетпеген.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары