Қазақстан Даниядан өшін алды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
05.02.2025, 21:39

Еуро-2026 іріктеу раунды аясында Қазақстан өз алаңында Дания құрамасын қабылдады. 

Vesti.kz

Бірінші тайм голдарға толы болды. Алаң иелері сапында Дуглас Жуниор дубль жасаса, Азат Валиуллин пен Ақжол Дәрібай бір голдан соқты. Ал даниялықтар үш рет мергендік танытты. Оған қоса Дәурен Тұрсағұлов өз қақпасына екі гол соғып алды. 

Матчтың екінші бөлігінде Валиуллин екінші рет көзге түссе, Дәмір Қайырбай мен Тұрсағұлов қорытынды нәтижені 7:3-ге жеткізді. 

Осылайша Қазақстан 6-топта жеті ұпай жинап, көш басындағы Арменияға жетіп алды. 

Еске сала кетсек, қазақстандықтар үш күн бұрын даниялықтардан  2:3 есебімен сенсациялық жеңіліске ұшыраған еді.