Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Азиада-2025: Қазақстандық кёрлингшілер қатарынан екінші жеңіске жетті

Редактор Penalty.kz
06.02.2025, 10:26

Әмина Сейітжанова мен Әзизбек Нәдірбаев Харбиндегі ойындарда екінші жеңісіне қол жеткізді.

olympic.kz
Реклама
Реклама

Спортшылар аралас жұптар арасындағы топтық кезеңде Қырғызстанға қарсы кездесу өткізіп, 12:5 есебімен пайдасына шешті. 

Бұл команда үшін қатарынан екінші жеңіс болды. Бұған дейін Қазақстан құрамасы Қатар жеңген еді.

Төрт матч қорытындысы бойынша Қазақстанның еншісінде екі жеңіс пен екі жеңіліс бар. Біздің кёрлингшілер топтық кезеңдегі соңғы кездесуін бүгін Филиппиндерге қарсы өткізеді.

"Қырғызстанға қарсы матч өте жақсы өтті. Жұптық серігіммен тамаша ойнап, қажетті нәтижеге қол жеткіздік. Бұл кезеңде соңғы бір ойын қалды. Кешке Филиппиндермен кездесеміз. Егер жеңсек, топтан шығуға жақсы мүмкіндік болады.

Сонымен қатар, алғашқы матчымызды да ерекше атап өткім келеді. Бұл мен үшін шетелдегі алғашқы халықаралық жарыс болды. Қытайға қарсы ойнадық, жақсы деңгейде өнер көрсетіп, лайықты бәсеке көрсете білдік.

Енді бар назарымызды соңғы ойынға аударамыз", – деді матчтан кейін Әмина Сейітжанова.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары