Бұл жолы бұрымдыларымыздың бағы жанды.
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында әйелдер арасындағы фристайл-акробатикадан синхронды секіру бойынша финалдық жарыстар өтті.
Бұл сайыста Қазақстан атынан Ардана Маханова мен Аяна Жолдас өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша Маханова мен Жолдас 59.16 ұпай жинап, үшінші орынды иеленді. Ал «алтын» мен «күміс» Қытай спортшыларына бұйырды.
Еске сала кетейік, кеше қазақстандық фристайлшылар аралас командалық жарыста күміс жүлдегер атанған болатын.
Осылайша, Қазақстан медаль қоржынын оныншы жүлдемен толықтырды. Оның төртеуі қола, біреуі алтын және бесеуі күміс.