Азиада-2025: Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті (ВИДЕО)
11.02.2025, 09:56
Қазақстандық спортшылар ІХ қысқы Азия ойындарының фристайл-акробатика сынында үздік нәтиже тіркеді.
olympic.kz
Отандастарымыз Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов фристайл-акробатикадан ерлер арасында синхронды секіру сынында 97.92 ұпай жинап, алтын медаль еншіледі.
Қытайлық спортшылар күміс және қола медалды өзара бөлісті.
Тағы бір қазақстандық жұп Дінмұхаммед Райымқұлов пен Асылхан Асан 83.96 ұпай еншілеп, төртінші орынан көрінді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама